Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп ‘Ш’ Ыдыс –аяқ түрлері

Бөлімдері: Сауат ашу. Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы және әріп таңбасы

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. “Ш” дыбысы және оның ерін таңбасымен таныстыру. Балалардың “ш” дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, көрнекілік ретінде пайдаланады.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы Тәрбиеші: — Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? — Қай ай? — Аптаның қай күні? Балалар біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық? — Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық. — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Шаттық шеңбері жасалады. Көңілдерін кө- теру. Бір-біріне қуанып, жылы күліп, құшақтасып жылулықтарын сезіну. Сұраққа толық жауап берулерін қадағалау.
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Балалар, кім “ш” дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді. Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді. Мысалы: Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз бегенге. (Шана) Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? “Ш” әрпімен танысқан соң ш дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді. — “Ш” дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сендер ауада жазып қайталайсыңдар. — Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық. Отырып-ақ орнында, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егерде, Былай ескек есейін. — Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазамыз. “Сөз ойла, тез ойла” ойыны. Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнін ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық. Осы сөздерге сөйлем құрап әңгімелету қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау. — Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? — Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? — Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Ал, біз әріптерді көреміз бе? — Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіндер. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешесіңдер. Тікен-тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. (Шырша) “Шырша” деген сөз қай дыбыстан басталады? “Ш” дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па? Неліктен дауыссыз, қане, бәріміз айтамыз. Ал енді “ш” дыбысына кім тез сөздер тауып айтады? — Қане, кім “шана” сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. “Шана” сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу. Сондай-ақ әріптер бойынша “Дүкен” ойыны кезінде балаларға әріп таратылып беріледі. Олар сол әріпке байланысты затты тәрбиеші сатушыдан сатып алады. Сонынан балалар тақта алдында әріптерді тауып, текшелеп “шана”, “шырша”, “шар”, “шие”, “машина” сөздерін жазады. Балаларды қызықтырып ойнату, қызығушылығын ояту Балалар дәптермен жұмыс істейді.
Рефлекстік – үйлесімділік Қорытынды:— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды? — Қандай әріппен таныстық? Балалардың сұрраққа толық жауап берулерін қадағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Й дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

2. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау, буын ішінде бекіту.

3. Балалардың ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту, тазалыққа тәрбиелеу.

Читайте также:
Путешествие в Цветочную Сказку - конспект логопедического занятия

Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер, суреттер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сөздік, сұрақ-жауап.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы Шаттық шеңбер құрайық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Барша жанды құрметтеп, Бой иеміз біз.
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік I. Ұйымдастыру кезеңі. — Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық? — Қане, кім айтады, и қандай дыбыс? — Балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын. Кім жылдам шешеді екен? Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. — И әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау. “Й” әрпі. Бұл й-дың сөз басында, Болмайды көп керегі. Йог пен йодтың расында, Алдында тек келеді. Соңында ол айдың да, Соңында ол тайдың да. Тұрады ол ортада “Айбын” менен “Айдында”. — Балалар, сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз? И қандай дыбыс? Тіл ұстарту: И дыбысына сөз құрай отыра, буын ішінде бекіту. Мысалы: ой-на, ой-ла, Сай-ран, Ай-ман, ой-лан. Сергіту сәті. Тәрбиеші: — Балалар, сендер біраз жүмыс жасадыңдар. Енді ребус шешіп көрейікші. Тәрбиеші тапсырмасы бойынша үстел үстіндегі әртүрлі суреттерге қарап, тақтаға шыккан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды. Егер жаңылысса, жұмбақ не тақпақ айтады. Ойын: “Кім көп сөз ойлайды?” (Жеңімпаздарды, яғни көп сөз ойлаған баланы, жалауша беру арқылы анықтау). — Ал; балалар, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап сызықтарды қосып, “Й” әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар түгел жазып болған соң, “й” дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.
Рефлекстік – үйлесімділік Қорытынды бөлім: — Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық? — И дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу: Ай-дын, ай-на, ай-ла, Ай-ша. — Ойын ойнайық. Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар зейін қойып тыңдап отырады. Егер тәрбиеші сөзі түсінікті болса, тыныш отырады, егер сөз түсініксіз, не буын құраса, бәрі қол шапалақтауы керек. Мысалы: ай, айран, йод, ша, ту, лай, шай, aп. Caбaққa жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту. Үйге тапсырма:й дыбысы келетін создерге сурет салып келу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. О әрпімен окушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту, О дыбысы бар сөз, сойлем ойлату.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қайталау.

Көрнекілік: Әліппе, мазмүнды сурет, қима әріптер, сызба — кесте.

Сабақтың түрі:

Саяхат Сабақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың көңілін өздеріне аудару. Балалармен шаттық шеңберін жасау: Күн нұрындай көңілім, Даламдай кең пейілім. Жүрегім толы мейірім, Бәріне ортақ шуағым Қайырымды боламын. Балалар шаттық шеңберін орындап болған соң орындарына отырғызып, алдарындағы суреттерге назарларын аудару.
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік Сабақтың барысы: I. Жаңа сабақ. – Балалар, бүгін біз “Әріптер бағына” саяхатқа шығамыз. – “Әріптер бағына” қандай көлікпен барсақ екен? – Ал, балалар, ол бақка мен “Білім” көлігімен баргым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма? – Онда қарап отырмайық. – Онда қарап отырмайық. – Ал, балалар, ойнайық. Ойнайық та ойлайық- Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. 1. “Оюда” бармын, “Допта” бармын. “Түнде” жоқпын. Мен сонда қандай дыбыспын? (О) “О” дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу. Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп) – “О” қандай дыбыс? (дауысты) – Ол сөздің қай буындарында кездеседі? – Кім осы дыбыспен мысал келтіреді? (Балалардың мысалдарын тындау). Сергіту сәті. Оң қолымда — бес саусақ, Сол қолымда — бес саусақ Алақанды ашамыз, Бесті беске қосамыз. Кел, санайық ал мұны, Нешеу болды барлығы? Оң қолымда — бес саусақ, Сол қолымда — бес саусақ Жасырып ем бесеуін, Қалды мұнда нешеуі? Бесеу екен қалдығы, Нешеу еді барлығы. (он) – О дыбысы кездесетін сөздер бар ма? (дыбыстық талдау жасау). – Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек (Балалар орындайды). – Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті. – Егер оқулықтын осы бетіндегі “Ою” сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, – деді ол қулана (Тапсырма орындалады). — Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бүйырды. (Балалар жарыса окиды). Ойын. “Күн мен түн”. “Білім” көлігімен баққа келеді. Олар: — Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, – деп мына сөздерді оқуға берді. (ойна, ою, орындық т.б.). Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды. 1) “Қошақан” әні. 2) “Қамажай” биі. 3) Тақпақ жұмбактар айтылып ішінен “О” дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінді. “О” әрпін келтіре отырып “Отан” тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті. Отанды әркім анасындай, Қастерлейді, қолдайды, Өйткені Отан батасындай, Бізді асырап қорғайды. Отан деген — атамекен, Отан деген-туған жер. Отан —ана, Отан — пана, Қазақстан — туған ел. — Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдык.
Рефлекстік – үйлесімділік II. Қорыту. Алдар көсе сыныпка келеді. Оның қоржынында бір тапсырмасы бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін “О” әрпімен сөздер құрастырғызды. (Балалар сөздер, сөйлем құрастырды). — Енді, балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мына сыйлықтарды тапсырады. (Оқушыларға оюлар беру). III. Үйге тапсырма.”Отан” тақырыбына сурет салып келу.
Читайте также:
Словарь по лексическим темам с упражнениями

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1) Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, баталардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2) Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3) Сюжетті ойын арқылы балатарды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққаа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: Сандық торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, кеспе әріптері, киіз үй суреті, сөзжұмбақ.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбер Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламын
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік – Мына суреттен нені көріп тұрмыз? – Оны неден жасайды? Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген? Сендер білесіндер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін салып, киіз басып, оның бетіне неше түрлі ою-өрнектерді пайдалана отырып жасайды. Балалар, қазақтың ою-өрнегімен, сырмақпен таныстық. Ал бүгінгі сабағымызда Қ дауыссыз дыбысымен танысамыз. – Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? – Ал біз әріптерді көреміз бе? – Өте дұрыс, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіндер: Әжемнің колында шыр айнатар, Шыр айналса, өзіне шыр байланар. – Бұл жұмбақтың шешімі не туралы? – Қ дыбысы “ұршық” сөзінде қай жерде орналасқан? – Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па? Тәрбиеші: — Неліктен дауыссыз? Кәне бәріміз қайталап айтайық. Қарақат, ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалған баталар орындарында дауыстап айтады. – “Ұршық” сөзінде неше буын бар? Балалар шапалақ арқылы екі буынға бөледі. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді,-деген таклак арқылы қоян болып жаттығулар жасау. – Бойымыз сергіп қалды, ал енді “Ойлан-тап” ойынын ойнайық. —Ал, қане, кім айтады, менің қолымдағы ыдыстың атын білесіндер ме? – Тостаған. – Бұл қандай ою түрімен әшекейленген? Ал мына бұйымды атап өтіндерші. (Сандық торсық). – Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен? Баланың “эвристикалык” қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады. Сандық Жастық Қасық Сюжетті ойын “Аукцион”. Салтанат деген фирмадан, Қаламкас жүр жан сала. Қазақтың киімдерін, бұйымдарын Танытамын деп баршаға. Қаламқас: – Балалар, мына дайындаған көрмелеріңе Қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысындар. Қаламқас: Сараптандар білімді, Алмай тағы тынбандар. Жасырамын бес жұмбақ Шешуін жаңылмай табындар. 1. Кіруге адам батпайды, Аман-есен сақтайды. Балалар жауабы: (Сандық) 2. Бала көтерген қаңбақты, Батыр лақтыра алмапты. Балалар жауабы: (Мамық) 3. Әсемделіп істелген, Көздің жауын алады. Жата кетсең үстіне, Ұйқын келіп қалады. Балалар жауабы: (Көрпе) 4. Арқауы бір қос қалта, Ажыраса алмайды, Атам қайда жол тартса Қанжығадан қалмайды. Балалар жауабы: (Қоржын) 5. Сұлу-сұлу құнаным Сылдырлаған жүгенім. Аяз күнде мінбеген, Аяғы жерге тимеген. Балалар жауабы: (Сәукеле)
Рефлекстік – үйлесімділік Қорытынды:- Бүгінгі ойынға қатысушы балаларға өз өнерлерін көрсеткендері үшін және белсенділіктері үшін Қаламқастың сыйлығы да бар.
Читайте также:
Обследование мышц артикуляционного аппарата

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ пен ребус шешу, жаңылтпаш айту т.б.)

Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар ретінде кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп пайдаланылады.

Әдіс тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру әдістері қолданылады.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мативациялық қозғаушы — Балалар, сәлемдесу туралы мақал-мәтелді еске түсірейікші. “Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергеннен”. – Ал, ендеше, жылы шыраймен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылуымызды берейік. – Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға Жұмбақбай атай мен Білмеспек қонаққа келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық. 1. Балалар бір-бірімен қол беріп амандасады. 2. Аталар мен ер балалар “Ассалаумағалейкүм” деп он қолын кеудесіне қойып, басын иіп барып амандасады. 3. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: — Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?- деп кеудесіне қолын қойып ізет ету. Қыз балалар мен ұл балалар өз салты бойынша амандасады.
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік — Балалар, Жұмбақбай атай мынандай біз білмейтін суретті тірек сызба алып келіпті. – Білмеспек, мына сурет ненің суреті? — Білмеймін. Суреттерді ататып болған сон, қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу. Д дыбысы. Д дыбысын ортаға кою. Д дыбысынын баспа және жазба түрімен таныстыру. – Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба? – Қане, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрсетейік. Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып алайық. Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу тұр. Оңға-оңға түзу тұр, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық – Қане, орнымызға отырып, Жұмбақбай атай жұмбақ жасырады соны шешейік. Сол аяқ пен оң аяқ Кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап Зыр жүгіре береді. (Доп) Бір түймелі, екі желілі, Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра) Лақтырдым да әуелеп Қағып алдым “оп” деп. Жерге соқтым, секең қақты Атаймыз оны “не” деп? (Доп) Жұмбақбай атайдың бізге әкелген сөзжүмбағын бірігіп шешелік. Сөзжұмбақ. Тігінен: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Көлдененінен: 1. Сол аяқ пен оң аяқ, кезек оны тебеді. 2. Басты бұратын. 3. Сан басы. 4. Тамақ құятын. 5. Бал таситын. 6. Қарт. Мына суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарынан сөз құра. – Енді сабағымызда Білмеспектің білімін сынайық. – Д дыбысына байланысты сөздер ата. – Білмеймін – Балалар, Білмеспекке өзіміз көмектеселік. – Доп, домбыра, дәптер, дән, адам, долана. 1. Осы сөздерді текшемен көрсет. 2. Шапалақтай отырып буынға бөл. 3. Осы сөздерді беретін мағынасын ашу, түсіндіру. Доп – жел толтырылған, резеңке, ойыншық. Домбыра – күй ойнайтын аспап. Дәптер – оқу құралының бірі, жазу жазамыз. Дала – жазық жер, алаңқай. Дән – дәнді дақылдардың біреуі. Долана — жидектің аты. Адам – жеке тұлға. Сергіту сәті. Ал, қанеки ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Байлап қойып көзінді, Қоршап тұрмыз айната. Атынды атап шақырған, Арамызда қай бала?
Рефлекстік – үйлесімділік Қорытынды:- Орнымызға отырып бүгінгі сабақта қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік. – Дыбыстар нешеге бөлінеді? – Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді? Білмеспекпен бірге Жұмбақбай атайдың соңғы жаңылтпашын жаттай отырып, бүгінгі сабағымызды аяктаймыз. Доста — сән Достасамын Достас жаным Досқа мәлім. Білмесекте бізден көп үлгі, жақсы қасиеттер алды. Рақмет, саған Білмеспек. Біздің балалармен бірге болсақ, бұдан да көп нәрсе үйренесің.
Читайте также:
Конспект логопедического урока (Звук и буква И)

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

Біледі:

Білді:

Сабақтың тақырыбы: М дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

2. Дұрыс оқуға тәселдіру.

3. Достыққаа тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, көрнекілік, бекіту.

Көрнекілік: Әліппе, суреттер, қима әріптер мен буындар, сызбалар.

–>Коллеги – педагогический журнал Казахстана –>

Ашық сабақ: Сауат ашу
Дыбыс және әріптер

Дайындаған: Абдинова Ү. Д

2012-2013 оқу жылы

№23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия б/б
Екібастұз қ

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріптер
Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сауат ашу
көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психожаттығу: «Күлімдейік».
-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.
Олай болса кел,балалар күлейік!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Жаттығу «Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді,әрдайым қайталаймыз!
-Балалар бұл ненің дыбысы?
Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)
Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық тап па?
Мен өте қызықты әріптер әлемінен келдім. Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін.
Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр,ал олардың үйі міне қандай әдемі.
(ауызды көрсетші,аша ғой қане).Үйдің төбесі бар.Еден төменгі таңдай,Есік еріндер.Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар.Бәрі жақсы болар еді,бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты.Алайда кейбір дыбыстар емін-еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты.Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды.Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.
Мен жайлы не білесіңдер?
-Сөз, сөйлем,дыбыс,дауысты,дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.
Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын .Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!
1. Жұмбақ
Бұл не? Сиыр.
Қай дыбыстан басталып тұр? (С)
С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс Сиыр сөзін буынға бөлу. Си-ыр екі буын . Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады Сөздің естілуіне қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады. Оны буынға бөлу деп атаймыз..
(Тақтаға бір бала басқа б-р орнында текшелермен жазады )
Қанша дауысты дыбыс,қанша дауыссыз дыбыс.оларды
Екі дауысты,ол и және ы дыбыстарыы. Ол үйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.
С, Р-дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.
Сиыр бұл сөз.
Сиыр қандай болады ?
Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.
Сөйлем сөздерден құралады.Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)
Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді.Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында .! ? белгісі қойылады.
2.Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесекте менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.
Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің.Ол арды естиміз, айтамыз.
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
3.Дидактикалық ойын «Қай дыбыстан басталады» Суреттегі заттың қай дыбыстан басталғанын табады.
4. Буынұйқастар :
ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдің сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
5.К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір кезде қатты жел соқты.Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У-у-у
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
Қандай дыбыстар естіледі? Ш-ш-ш
Тоғайда жүру өте қиын болды.
Маса ызыңдап, мазасын алады. З-з-з
Ескедір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р-р-р
Ескендір айналасына қарады.Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.
Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С-с-с
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді.Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады.Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар -Ж-ж-ж.
Ескендір ала бұзауын шақырады.-Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау-ауқау!
Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.
Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік,біз дыбысты қайтеміз?
6.Сергіту сәті.Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Еестігенде аяғыңды тыпырлат т.с.с қимылдар
О-О-О-У-У- У-А-А-А-Э-Э- Э-Ы-Ы- Ы А-А-А- Т –Т-Т-М-М-М А-А-Я -Я- Ө- А- Е
7.Мнеможолдар арқылы балаларға мазмұнын айтқызу.
8.Сурет бойынша сөйлем құрастыр.Текшемен сөйлем жазу.
9.Сөздік ойын «Қарама –қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем,сен. Мен «биік»десем, сен.
Мен «төбе» десем,сен. Мен «ауыл» десем,сен.
Мен «үлкен» десем, сен. Мен «құрғақ» десем,сен.
Мен «алыс» десе,сен.
10.Ребус шешу
11.Дәптермен жұмыс Үлгі бойынша жазу.
Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады,дыбыстарды айтамыз,естиміз
Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
12.Кім жылдам? логикалық ойын
Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).Кітап неден жасалған? (қағаздан)
Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)
Қорытынды: «Өз көңіл –күйіңді сал»
Рахмет айтып сіздерге,күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы ,аман есен болайық!

Читайте также:
Сотрудничество логопеда и родителей на логопунке

Ш дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылы

№91 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Сырлыбаева Назира Ербозовна

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және Әрпімен таныстыру, түсіндіру, қатаң дауыссыз екенін ұғындыру. «Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұжымдық жүмысқа үйрету,әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.

3.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспебуындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын-саяхат» схемесы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, интерактивті тақта.

Оқыту әдісі:көрсету, түсіндіру,қайталату.

І.Ұйымдастыру :Түгендеу, партаға дұрыс отыру.Сабаққа зейінінаудару.

ІІ.Мақсат қою:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Үй тапсырмасын қайталау:Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.

ІҮ.Жаңа сабақ:-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс,бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен.Үйіне барайын десе, сол аңдар жолына тұрып алыпты.Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?

-Өте жақсы, олай болса түлкіге шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік.Ол үшін жолда түлкіні күтіп жүрген аңдардың тапсырмасын орындайық.

1) «Аң патшасы арыстанның» тапсырмасы

Үй тапсырмасын қайталату.Осы уақытқа дейін өтілген әріптерді , түсіру.А дыбысынан бастап У дыбысына дейін қайталату.Әрбірдыбысқа сөздерден мысал келтіру. «Буын қос» ойыны а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла, а-уа.

2) «Қорбаңбай аюдың» тапсырмасы:

-Балалар, аю тапсырмасын қағазға жазып жіберіпті.

-Хатты оқимын .Онда, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығын кім айтып береді? Мен әлі де оқи алмаймын.Дыбыс деген не, әріп деген не?

(балалардың жауаптары тыңдалады, мысал келтіреді)

  1. «Жолбарыстың тапсырмасы»

-Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті.Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек.Жұмбақ шешкілерің келе ме?(Сандықтың ішіне Ш әрпін салып қоямын)

-Онда мұқият тыңдаңдар:

1.Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

2.Жас кезінде қара орман,

Қартайған соң ағарған.(Шаш)

3.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

4.Жазда тынығады

Қыста зымырайды.(Шана)

Сонымен,балалар, -Айырға аздап ұқсайтын,

Сабы жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты еске салатын

Читайте также:
Конспект индивидуального логопедического занятия с использованием здоровьесберегающих технологий

Қайсы әріп, кім бар табатын?

Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ш-әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.

Қос қолда қос қайшысы,

Ш-дан келер шаян да.

Ш-дан сөздің қайсысы

Басталарын баянда! «Күн мен түн» ойыны арқылы балаларға Ш-дыбысы бар сөздерді тапқызу.

Сөздерді буынға бөлу; Шыр-ша,шаш, шаң-ғы, ша-на, шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла.

  1. «Қасқырдың тапсырмасы» Оқулықтағы берілген сөздерді оқыту.
  2. «Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;

Бір, екі үш.Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

  1. «Қоянның тапсырмасы»-Баспалдақтан түсу-шар-ар-р, шие-ие-е,.

IY.Жаңа білімді тексеру; Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады? Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ү.Дәптермен жұмыс; Дәптерлерді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық!(Музыка ырғағымен әдемі жазуға үйрету)

Ш ш әріптерін жазып үйрену.

ҮІ.Білімді бекіту;-Біз қандай әріпті танып, білдік?-Ш!

-Ендеше, мен қазір сендерге тапсырма беремін, бұл тапсырма «Тырнаның тапсырмасы»

Сендерге парақтар таратамын, онда сөздер жазылған.Сөздерді оқимыз.Өзімізге таныс әріптердің астын сызамыз.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз түлкіні аңдардан құтқардық.Ол өз үйіне жетіп те қалды.Түлкі үйінің есігінде бізге арналған тапсырма бар сияқты.Хатты алып оқиық.Онда:-Балалар, сендер менсияқты ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған дұрыс емес.Мен енді ешқашан ешкімді алдамауға уәде беремін.Сендер де уәде беріңдер, мына жаңылтпашты үйден жаттап келіңдер:-Шаңқ-шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада.

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру: 1.Жаңылтпашты жаттау

Сабақ жоспары Дыбыс және әріп

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

1. Өткен сабақтарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.

2. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып келетінің, дауыссыздардың түрлері мен емлесін қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

І. Кіріспе бөлім.

Үнтаспадан құстың шықылықтағаны, жаңбырдың сылдыры, жылқының кісінегені, судың аққаны, тағы басқа дыбыстар тыңдау.

– Балалар, не тыңдадық? (әртүрлі дыбыстарды)

– Ал адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады. Өйткені дыбыстардан не жасалады? (дыбыстардан сөздер жасалады)

– Дыбыс пен әріптің екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

– Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі.

Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атап беріңдер. (өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін)

– Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстар буын құрайды.

– Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды атап шығыңдар.

Дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, ұ,ү, ы, і, е, е, и, у, э, ю,я

– Ю, я, е, э әріптері қандай сөздерде кездеседі? (көбінесе орыс тілінен енген сөздерде. Мысалы: экран, яхта, шахтер, сюжет)

Читайте также:
Календарно-тематическое планирование коррекции звукопроизношения у младших школьников с НПОЗ

– Ю, я әріптері кездесетін қазақ сөздеріне мысал келтіріңдер. (аю, ою, пияз, таяз, қоян)

– Дауысты дыбыстар не құрайды?

Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстар кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.

– Дауыссыз дыбыстар жайында не білеміз? (дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды, сондықтан созып, әндетіп айтуға келмейді. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады).

Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстармен буын құрауға бола ма?

У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?

ІІ. Негізгі бөлім

Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдері пысықталғаннан кейін оқулықтағы жаттығуларды орындау.

1. Т. Молдағалиевтің өлеңін жатқа жазуға тапсырма беру:

а) өлеңді 1-2 оқушы дауыстап оқиды.

ә) өлеңнің мазмұнын талдау.

б) оқушылар өлеңді іштей бірнеше рет оқиды.

в) өлең жатқа жазылады

2. Мектеп, есік сөздеріне ( мектеп- мектебі, есік – есігі) -ы, – і жалғауларының тиістісін жалғап , түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін оқушылардың өздеріне анықтату. Қосымшалар дауысты дыбыстардан басталғанда қ, к, п, дыбыстары ұяңдап, ғ,г,б дыбыстарына айналытыны естеріне түседі. Қ,к,п, дыбыстарына аяқталатын сөздерге мысалдар келтіріп, оларға дауысты дыбыстан -ы, -і жалғауларын жалғап айту.

3. Сурет бойынша «Оқу-білім бұлағы» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастырады.

2-жаттығу. Өлеңді оқу

Қарамен жазылған қазағым, түнегін, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып жазып, бұл сөздердің неліктен өзгергенін анықтау.

Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеп жазу.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: қ,т,с,к,п,ш.

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,з,д,ж,г,ғ.

Үнді дауыссыз дыбыстар: м,н,ң,й,л,р.

3-жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Бұл жаттығуды орындау барысында көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетін э,ф,ц,в,ч,щ дыбыс әріптерінің қолданылуы туралы мысалдар келтіреді.

Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінде ғана ф әрпінің де араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздерде жазылатынын ескерту. Мысалы: ащы, тұщы, кеще, Фарида, саф (алтын) т.б.

4-жаттығу. мәтін оқылғаннан соң «Оқығанның көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деген сөзге оқушылардың пікірін тыңдау.

Мәтіндегі соңғы абзацты көшіріп жазу және жуан жауысты дыбыстардың астын бір, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сызу.

5-жаттығу. Л, р әріптері сөз басында келгенде алдынан ы, і естілгенімен, жазылмайды. Жаттығудан тек дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жазу.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

1. осы сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау.

2. Б дыбысына аяқталатын сөздерді еске түсіру.

3. Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылатыны айтып кету.

Логин

Тіркелу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: “Қатынас”

Ұйымдастырылған оқу қызметі: “Сауат ашу”

Тақырыбы: Ертегі елінде. “Ш дыбысы мен әрпі”

Мақсаты: Ш дыбысы мен әріп таңбасымен танысады. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтырады, байланыстыра сөйлейді.

Әдіс тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ -жауап, ойын.

Сөздік жұмыс: Ш дыбысы кездесетін сөздер.

Көрнекіліктер: Ш әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, сауат ашу әліппе дәптері.

Сен бақытты баласын

Анаң күнің жүрегің

Әкең өмір тірегің

Сен бақытты баласын

Бәрі саған қуансын

Әжең асыл ардағың

Атаң дана қорғаның

Сен бақытты баласын

Бәрі саған қуансын

Қайырлы таң балалар!

Балалар, бір -бірімізге, әке -анамызға, ата әжемізге үнемі қайырымды, мейірімді болуымыз керек. Үлкенді құрметтеу керек. Бүгінгі күніміз сәтті болсын.

Балалар шеңберге тұрады, бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ерте , ерте , ертеде атамен әже болыпты. Әже бауырсақ пісіріп қайда қойыпты? Бауырсақ терезеден секіріп түсіп балабақшаға қашып кетіпті. Келе жатса алдынан не шығады?

Қоян : Бауырсақ сен қайда барасын? -деп сұрапты.

Мен балабақшаға барамын, жүр менімен,- дейді.

Мен бармаймын, мен ойын ойнаймын,- деп жауап беріпті қоян.

Сонда бауырсақ қоянға сұрақтар қояды. Қоян сұрақтарға жауап бере алмай қиналып түр, оған көмектесейік.

1.Әріп дегеніміз не?

2.Әріпті не істейміз?

Читайте также:
Коррекция недоразвития мелкой моторики на первом году обучения

3.Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?

4.Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?

Жарайсындар балалар, бауырсақтың сұрақтарына жауап бердік. Қоян енді бала бақшаға баратын болды. Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады? Қасқыр не деп сұрайды?

Мен бала бақшаға барамын, жүр менімен дейді қасқыр. Ал қасқыр не деп жауап береді?

Сонда бауырсақ қасқырға сұрақтар қояды:

Дидиктикалық ойын “Адасқан әріптер”

Қасқыр адасқан әріптерді өз орнына қоя алмай қиналып түр, оған көмектесейік.

Қасқыр сендерге риза , олда енді балабақшаға барады. Ертегімізді жалғастырамыз. Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады? Аю не деп сұрады?

Бауырсақ не деп жауап берді? Аю:

Мен бармаймын, мен ойын ойнаймын дейді. Бауырсақ аюға жұмбақ жасырады. Аю жұмбақ шешімін таба алмай қиналып түр, оған көмектесейік.

Жұмбақ:

Тікен, тікен, тік пісте

Қысы жазы бір түсте.

Шырша сөзі қандай дыбыстан басталады?

“Ш” дыбысы қандай айтылып тұр? Кедергімен бе , әлде кедергісіз бе? Дұрыс дыбыс кедергіге ұшырап тұр.

Ерніміз дөңгеленеді, тістеріміз бір -біріне жақындатамыз, тілімізді жоғары қарай көтереміз, бірақ таңдайға тірелмейді, дауыс шымылдығы дірілдемейді, іштен келген ауа ағысы жылы болып шығады.

өте жақсы “Ш” дыбысы қандай дыбыс екен? Қандай текшемен белгілейміз?

Шырша сөзін буынға бөлейікші. Неше буынға болынды. Неліктен екі буынға болынды? Сөздік талдау жасату.

Аю риза сендерге, енді олда балабақшаға баратын болды. Бауырсақ әрі қарай домалап бара жатса алдынан не шығады? Түлкі не деп сұрайды? Бауырсақ не деп жауап береді? Түлкі бауырсақпен бірге балабақшаға барама? Сонда бауырсақ түлкіге де тапсырма береді. Тапсырманы түлкі орындай алмай қиналып түр. Түлкіге көмектесейік.

Дидактикалық ойын “Қай дыбыстан басталады?” сурет бейнеленген заттар қандай дыбыстан басталып тұрғанын табамыз. Сөздерді буындарға боледі.

Дұрыс балалар “Ш” дыбысы сөздің басында, ортасында аяғында кездеседі: Шана, шағала, шырша, алша, ағаш.

Түлкі сендерге риза, енді олда балабақшаға баратын болды. Бауырсақ өз достарымен балабақшаға жетіп келді.

Тіл ұстарту жаттығуы:

БІЗ ТЕБЕМІЗ ШАНА

Барлық баламен “Ш” дыбысына жаңылтпаш айтады. ( сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен)

Шаңк -шаңк етіп шағала

Шабақ ілер жағада.

Тыныштық сәті: баяу музыка әуенімен көзмізді жұмып, орманды елестетеміз. Орманда аңдар жүр. Орман іші жап жасыл, таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырлап аққан судың сыбыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайіқ. Қалай ұнадыма?

Дыбыс және әріп

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»
Сабақтың мақсаты: 1. Дыбыстар және әріптер туралы 2 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай пысықтау;
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Қоданылған әдіс-тәсілдер:топқа бөлу,АҚТ,қызығшылықты ояту,синквейн.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырмалар,жемістер суреті, оқулық.

Сабақ түрі:топтық сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ.
Оқу нәтижесі:

Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді

Пән аралық байланыс:математика,әдебиет,дүниетану.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Психологиялық ахуал орнату:

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн болсын!

Сабағымыз сәттілікке толсын!

Сәлемдесіп болған соң,сынып назары сабаққа ауады.

Өткенді қайталау

Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.

10. Сөйлеу не үшін қажет?

20. Сөйлеудің қандай түрлері бар?

30. Ауызша сөйлеудің қандай түрін білесің?

40.Жазбаша сөйлеудің қандай түрлері бар.

50. Тіл туралы мақал – мәтелдер айт.

60. Сөйлеу мәдиенеті деген не?

Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Оқушылар ауызша жауап береді.

2сыныпта алған білімдерін пысықтайды.

Қызығушылық

ты ояту

Сұрақтар қойылады.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде қандай өзгерістер болады?

-Қандай жемістер піседі?

Әр топ отыратын партада жемістердің суретін қояды.

4топқа бөлу.

Оқушылар жауап береді.

Әр оқушы ұнаған жеміс суретін таңдап алады.Жеміс суреттері бойынша(алма,

алмұрт,жүзім ,шие)

топтарға бөлініп отырады.

интербелсенді тақта,жемістер суреті

Танымдық – операционалдық кезең

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Читайте также:
Конспект логопедического занятия по автоматизации звука (Р) - Путешествие Снеговика

Әр топқа сұрақтар жазылған парақ беріледі.

Алма тобы – Дыбыстар жайлы не білесіңдер?.

Алмұрт тобы- Әріп жайлы не білесіңдер?.

Жүзім тобы – Дыбыстар түрлері.

Шие тобы-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі.

Әр топ тапсырманы орындайды.

Баяндаушылар шығып баяндайды.

Оқушылар бір –бірінің жауаптарын тыңдайды.

Жаңа сабақ.

Күн ретін және көркем жазу үлгісін слайдтан көрсетеді.

Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.

Оқушылар дәптерлерін ашып ,

жазады.

Ойын «Кім жылдам?»

ақыл,дана,ұят намыс,ес,жер ер ,

сөздері беріледі. Шарты

Осы сөздерді тақтадағы бағандарға дыбыс санына қарай топтау ұсынылады.

Оқушылар сөздерді дыбыс санына қарай бағандарға топтайды.

Ізденіс,топпен жұмыс.

4 топқа кітаптағы 4түрлі тапсырма беріледі.

Алма тобы :

3-жаттығу.

дардан сөздер құрап оқыңдар.

Әр сөзде неше дыбыс,неше әріп бар?

Алмұрт тобы:

4-жаттығудағы сөздерді Әліпби ретімен жазыңдар.

Жүзім тобы:

5-жаттығу . Берілген сөздерді оқыңдар.

Сөздерді кестеге толтырыңдар.

Шие тобы:

6-жаттығу.

дауыссыз дыбыс әріптерін топтап жазыңдар.

Жуан дауыстылар: Жіңішке дауыстылар:

Үнді дауыссыздар: Ұяң дауыссыздар:Қатаң дауыссыздар:

Топтарға бөліп берілген тапсырмалар бойынша жан-жақты ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Бірлесе жұмыс жасайды.

Сабақты бекіту

Дыбыс сөзіне синквейн жазу тапсырылады.

Оқушылар бес жолды өлең құрастырады.

Құрастырған өлеңді оқиды.

Рефлексия

басып салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу тапсырылады.

Әр топ оқушылары

А4 Қағазға алақандарын

сабақтағы жасаған жұмыстарын

Бағалау

Әр топқа бір –бірін бағалау ұсынылады.

Бағалау парағын тексереді.

Әр топ бір-бірін бағалайды

Топ басшысы әр оқушының жұмысын бағалайды.

Үйге тапсырма

9-жаттығу.Керекті сөздерді тауып жазасыңдар.Ереже жаттау.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Өзіндік талдау

2-сыныпта 15оқушы бар.Оның 7 оқушы жақсы , 8 оқушы орташа оқиды.Сынып оқу дағдысы жағынан орташа деңгейді қамтиды. .Олар сабақ сайын әр түрлі деңгейде жеке тұлғаны бағыттау жұмыстармен көп шұғылданады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

«Дауыссыз н мен ң »

Мақсаты:1.Білімділігі: Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы және дыбыстау мүшелерінің қатысы туралы ұғымдарын кеңейту 2.Дамытушылығы:. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту , танымдық белсенділіктерін арттыру.

  1. Тәрбиелілігі:. Оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше жұмыс ісеуге , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

4.Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ

  1. Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер. жеке тұлғаны бағыттау әдісі
  2. Сабақтың көрнекілігі:икт
  3. Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың тақырыбы жаңа сабақты өту барысында орын алды . сабақтың өткен тақырыппен байланысы болды. Келесі сабаққа бұл сабақтың әсері бар. Сабақ жоспарланғанда оқушылардың ерекшеліктері ескерілді. Сабақтың құрылымы ұтымды шешілді. Сабақта уақыт әр кезеңіне ұтымды пайдаланылды. Сабақ кезеңдері бір- бірімен қисынды, ұтымды байланысты болды. Сабақ мазмұнында екпін сабақтың негізгі бөлігінде көрсетілді. Сабақтың ең негізгі мәніне көңіл бөлінді. Білімді қабылдауда білімділік, іскерлік, дағдылық іс-әрекеттерін бақылау орташа дәрежеде болды. Сабақта ИКТ құралы қолданылды. Сабақта оқушылардың белсенділігі жасалған жұмыстары байланысты болды. Сабақтың жалпы ұйымдастыру кезеңі өте ұтымды шешілді. Себебі, үй тапсырмасын тексеру тест бойынша жүргізіліп, оқушылар өздерін бағалап, қателіктерін анықтады. Берілген әріпті жұмбақ арқылы оқушылар жаңа тақырыптың құзіреттілігін стандартқа сәйкес ашты.сабақтың барысы жалпы жеке тұлғаны бағыттау технологиясы бойынша жүзеге асты. Себебі технология А ,В С, беттерінен тұрды. А беті орташа деңгейдегі оқушыларға, В деңгейі жақсы оқитындарға берілді. С беті а немесе в бетін ақтаған оқушылар қосымша жұмыс ретінде пайдаланды. Сабаққа қорытынды жасалады. Оқушылармен бірге мақсатқа жеттік пе жетпедік пе? Неге? Деген сөздер бойынша талқыланады.

Сауат ашу.Қ дыбысы мен әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі : «Сауат ашу және жазу»

Тақырыбы: « Қ қ дыбысы мен әріпі»

Білімділігі : «Қ» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.

Тәрбиелігі : балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.

Әдіс –тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу,нұсқау беру,сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: суреттер,буындар жазылған кесте,слайд,стикер,дәптер,кеспе әріптер.

Полигвалды компонент :алма-яблоко-аpple(эпл),Әже-бабушка-Qradmaher(грандмазер).мысық-кот- cat( кэт).

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар үш тілде амандасады.

Қәне, бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері :

Читайте также:
Особенности взаимодействия учителя-логопеда и воспитателя в современных условиях ДОУ

Біз ақылды баламыз,

Бар ынтаны саламыз.

Білім жолын қуамыз!

-Балалар мен сабағымызды ойынмен бастағым келіп тұр.Мен сіздерге сұрақ қоямын,сіздер толық жауап бересіңдер.

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағына жауап беріп, допты кері лақтыру керек.

«Ойлан,тап» ойынынан бастаймыз.

-Сауат ашу пәнінде біз нені үйренеміз?

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Жарайсыңдар ,балалар! Өткен әріптерімізді қалай білетінімізді көрсеттік.Енді бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымен танысамыз.Ол жаңа үйренетін дыбысымыз бен әріпімізді біз жұмбақ қою арқылы табуымыз керек.Ендеше біз мұқият жұмбақты тыңдайық.

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2. Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

3. Қалқиып ұзын құлағы,

Тәрбиеші : Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер, өте жақсы.

-Балалар қой,қарбыз,қоян сөздерінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

Балалар : «Қ» дыбысы.

-Дұрыс айтасыңдар,«Қ» дыбысы естіліп тұр.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпі.

Қ дыбысы қазақтың төл дыбыстарының бірі болып табылады. Сондықтан «Қ»дыбысын анық, таза айтуға тырысайық. Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астына қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.

Барлығы бірге «Қ» дыбысын қайталап айтады. Яғни аузымыз ,қолымызға тимей тұр.

-«Қ» қатаң дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).

– Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

– Көк текшемен белгілейміз.

Қ дыбысы сөздің басында,ортасында ,соңында айтылады.

Мысалы:қазақ, қасық, тарақ,түйе,қасқыр т.б

Қане, балалар, қой,қарбыз, қоян сөздерін буынға бөлейікші.

Қой – бір буын,қар-быз –екі буын,қо-ян –екі буын.Яғни екі дауысты дыбыс бар.Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшемен жазайық. Қ –көк,о-қызыл, й-көк текшемен жазамыз.Қой сөзінде үш дыбыс бар.Бір дауысты дыбыс бар.Бір бала тақтада орындайды.Қалғандары орындарында орындайды.

Дәптермен жұмыс:

Енді балалар осы « Қ» әрпін дәптерімізге жазайық. Бірінші ауада жазып көрсетейік.Сосын дәптерге жазамыз.

Сергіту сәті:

Ойын ойнау әріптермен.Балалар мен әріптерден басталатын сөз айтамын.Басқа әріптерден сөз айтқанда шапалақтайсыңдар,Қ дыбысы бар сөз айтқанда,аяқтарыңды тарсылтатасыңдар.Кеттік :алма, ара,қарбыз ,сағат, моншақ,қарға,айна,шана,қасық,таға,лақ, қозы ,орындық,бұзау,қазан т.б.

Тіл ұстару жаттығулары:

Атам берді соқа.

Басыңа қонсын бақ.

Енді Қ дыбысы бар сөздерді буындап оқимыз.

-Балалар,мен сендерге мына затты алып келдім.Мұның не екенін білесіңдер ме?

-Ия ,бұл сандық.Сандық – қазақтың көне жиҺазы.Ерте заманда әжелеріміз сандықта заттарды, маталарды , киімдерді, тәттілерді сақтаған.Сандық деп айтып көрейікші. Қ дыбысы сөздің соңында айтылып тұр. Ал,ашып көрейік.Ішінде тағы заттар бар екен.Балалар бұл зат –қоржын деп аталады. Ал мынау –қамшы.Қоржынды ерте заманда қолданған.Жолға шыққанда ішіне су,айран, қымыз салып жүрген.Қазір көп қолданылмайды. Қоржынның ішінде не бар екен?

-Ия,бұл асық.Асықпен ұлттық ойындарды ойнаймыз.Хан талапай ойыны, алтын сақа ойынын ойнайды.

Балалар,асықпен тағы бір ойын ойнап бүгінгі оқу іс – әрекетімізді қорытындылап жіберейік. Бұл асықтарда әріптер жазылған.Сол әріптерден сөз ойлап табуларың керек.

Кезек-кезек аласыңдар.Сол әріптен басталатын сөз айтасыңдар.Оны орысша, ағылшынша аудармасын айтасыңдар.Ал келесі жағында құрт бар екен.Ол да біздің ұлттық тамағымыз.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Балалар : Қ дыбысы

-Қ дыбыс қандай дыбыс екен?

-Қатаң, дауыссыз дыбыс.

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

Жарайсыңдар,балалар,бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге мен сыйлыққа осы құртты әкелдім.Құртты топқа барып достарыңмен бөлісіп жейсіңдер.

Көріскенше күн жақсы,

Күтілеті нәтиже:

Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;

Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Біледі: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: